Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Мерей Мәулетқанов әлем чемпионатының (Загреб, Хорватия) жартылай финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Sportinside.kz.
72 келіге дейінгі салмақтағы жартылай финалда ол Франция өкілі Ибрахим Ганемнен 2:8 есебімен ұтылып қалды.
Ал ширек финалда Мәулетқанов Украина балуаны Парвиз Насибовты 4:3 есебімен жеңген болатын.
Айта кетейік, бұған дейін 60 келіге дейінгі салмақта Айдос Сұлтанғали финалға жолдама алып, өзбекстандық спортшымен шешуші белдесуге шыққалы отыр.