Қазақша сөйлейтін орыс қызы Головкин туралы бар шындықты айтты

19 қыркүйек, 2025 / Ахмет Қанатұлы
ашық дереккөзден

Бокстан әлем чемпионатының қола жүлдегері Виктория Графеева Ливерпульде өткен турнир барысында орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің қолдауы туралы айтып берді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

"Геннадий Головкин жекпе-жектерімнен кейін мені қолдады, оның қатысуы үлкен рөл атқарды. Тіпті раундтар арасында оны көріп отырдым – ол алыстан маған ақыл-кеңесін айтып жатқандай сезілді. Өзі осының бәрінен өткен адамның кеңесін тыңдамау мүмкін емес. Бұл жай ғана сырттағы біреу емес, өз ісінің нағыз шебері екенін түсінесің. Оның ақыл-кеңестері мен үшін ерекше бағалы болды, турнир барысында қолдауын сезінгеніме қатты қуандым", – деді Виктория Графеева.

Еске салайық, жартылай финалда қазақстандық боксшы Виктория Графеева бразилиялық Ребека Сантосқа есе жіберді.

Тэгтер:

Бокс Геннадий Головкин