Әлем чемпионатында ұтылып қалған боксшыларға жаңа "жаза" ойлап тапты

19 қыркүйек, 2025 / Ахмет Қанатұлы
Сали Сабиров / ҰОК. Суретте: Нұрбек Оралбай

Әлем чемпионатынан кейін ұлттық құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжанов алдағы жоспарлармен бөлісті, деп хабарлайды Sportinside.kz

Қараша айында Үндістанда өтетін Әлем кубогына негізгі чемпиондар қатыспайды. Бұл жарыста жас боксшыларға өздерін көрсетуге мүмкіндік беріледі.

Қазан айында Семей қаласында ел біріншілігі өтпек. Дегенмен, Ливерпульде алтыннан алқа таққан төрт чемпион рингке шықпай, демалыс алады: Санжар Тәшкенбай (50 кг), Махмұд Сабырхан (55 кг), Төрехан Сабырхан (70 кг), Айбек Оралбай (+90 кг).

Қалған құрама боксшылары Қазақстан чемпионатында міндетті түрде өнер көрсетеді.

Сондай-ақ, ел ішінде Конфедерация кубогының қайта ұйымдастырылуына байланысты ішкі біріншіліктің уақыты сәл кейінге шегерілмек. Бұл турнир – Қазақстандағы спорт федерациялары бірлесіп өткізетін маңызды дода. Оның кестесі бокспен сәйкес келгендіктен, күнтізбеге өзгеріс енгізіледі.

Тэгтер:

Бокс Қазақстан Әлем чемпионаты