Демеу әлем чемпионатындағы алғашқы белдесуінде күтпеген қарсылыққа тап болды

18 қыркүйек, 2025 / Ахмет Қанатұлы
Тұрар Қазанғапов, ҰОК. Суретте: Демеу Жадыраев

Хорватия астанасы Загребте күрес түрлерінен әлем чемпионатындағы классиктер бәсекесі басталды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

77 келіге дейінгі салмақта Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев жарыс жолын жеңіспен бастады.

Бастапқы белдесуде ол финляндиялық Йонни Саркиненнен 5:2 есебімен басым түсті. Алайда белдесудің алғашқы айналымында Демеу Жадыраев 0:2 есебімен есе жіберіп жатты. Кейіннен қазақ балуаны өзінің басымдығын танытты.

Осылайша, Демеу Жадыраев жарыстың 1/8 финалына жолдама алды.

Сондай-ақ бұл кезеңге 82 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен қазақ Әлмир Төлебаев та шықты. Ол үндістандық Рахулды 7:1 есебімен ұтты.

Тэгтер:

Демеу Жадыраев