Бүгін, 18 қыркүйектен 19 қыркүйекке қараған түні Португалияның Лиссабон қаласында Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің бірінші тур ойыны өтеді. Онда "Спортинг" өз алаңында алматылық "Қайратты" қабылдайды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Матчтың тікелей көрсетілімін "Qazaqstan" телеарнасынан сағат 00:00-де тамашалауға болады.
Сонымен қатар "Қайрат" жалпы кезеңде испаниялық "Реал", ағылшындық "Арсенал", италиялық "Интер", бельгиялық "Брюгге", даниялық "Копенгаген", грекиялық "Олимпиакос" және кипрлік "Пафос" клубтарымен кездесу өткізеді.
"Қайрат" өз алаңындағы алғашқы ойынды 30 қыркүйекте Алматыда өткізеді. Бұл күні алматылық ұжым мадридтік "Реалға" қарсы ойнайды. Бұдан бөлек, "Қайрат" футбол клуб өз алаңында "Пафоспен", "Олимпиакоспен" және "Брюггемен" кездеседі.