Ертең, 18 қыркүйекте Загребте күрестен әлем чемпионатында грек-рим стиліндегі бәсеке басталады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Қазақстан үшін басты назарда 77 келі салмақта бақ сынайтын "классик" Демеу Жадыраевтың өнер көрсетуі болмақ.
1/6 финалда Париж Олимпиадасының жұлдызы 23 жастағы фин балуаны, 2025 жылғы 23 жасқа дейінгі Еуропа чемпионатының қола жүлдегері Йонни Куннари Саркиненмен кездеседі.
Еске салайық, 2025 жылғы әлем чемпионатына дейін Демеу Жадыраев Германияның "Гран-приін" жеңіп алған болатын.