Жәмила Бақбергенова әлем чемпионатында күтпеген нәтижеге тап болды

17 қыркүйек, 2025 / Ахмет Қанатұлы
uww.org. Суретте: Жәмила Бақбергенова

Күрес түрлерінен әлем чемпионатында Жәмила Бақбергенова күтпеген нәтижеге тап болды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем біріншілігінде әйелдер күресінен сынға түскен Жәмила Бақбергенова алғашқы белдесуін өткізді.

72 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Жәмила Бақбергенова жарыстың 1/8 финалында қырғыз спортшысы Нұрзат Нұртаеваға қарсы шығып, есеп айырмасымен жеңіліп қалды.

Айта кетейік, Жәмила Бақбергенова – Азияның төрт дүркін чемпионы, әлем чемпионаттарының жүлдегері. Әлемдік рейтингте өз салмағында бірінші орында тұрған ол осы жарыста бірінші нөмірлі спортшы саналған. Ал қарсыласы Нұрзат Нұртаева UWW рейтингінде небәрі 34-ші орында орналасқан.

Тэгтер:

күрес Жәмила Бақбергенова