Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойында әріптестерінен күтпеген музыкалық тосынсый алды
Әнші, продюсер және ұстаз Сәкен Майғазиев жақында ұлының үйлену тойын дүркіретіп атап өтті. Бұл қуанышты сәтте оның өнердегі әріптестері де шет қалмай, ерекше музыкалық тосынсый жасап, көрермендер мен той қонақтарының көңілін бір серпілтті.
Той төріндегі сазды тарту: «Жүрегімнің ішіндегі жүрегім»
Сәкен Майғазиевтің ұлының тойында танымал әншілер Ернар Айдар, Серік Ибрагимов, Ғазизхан Шекербеков және Әбдіжаппар Әлқожа бірігіп, әншінің әйгілі туындысы — «Жүрегімнің ішіндегі жүрегім» әнін бірге шырқады.
Бұл тосынсый тек әке ретінде емес, өнер адамы ретінде де Сәкен Майғазиевті ерекше тебіренткен.
«Менің алтын бауырларымның сазды тосынсыйы ұнады ма?» – деп жазды әнші әлеуметтік желідегі парақшасында.
Әннің шығу тарихы
Айта кету керек, бұл әннің Сәкен Майғазиев үшін орны ерекше. «Жүрегімнің ішіндегі жүрегім» – ол өзінің жұбайы Динара ханымға арнап орындаған туындысы. Әннің сөзін – белгілі ақын Жарас Сәрсек, ал әнін – композитор Айгүл Бажанова жазған.