Олимпиада чемпионы деген атағы бар балуан 4 тісін сындырып алды

Бүгін, 14:03 / Ахмет Қанатұлы
instagram.com/zaurbek_sidakov. Суретте: Заурбек Сидаков

Олимпиада чемпионы Заурбек Сидаков күрестен әлем чемпионатында төрт тісін сындырып алды. Бұл туралы Ресейдің күрес федерациясы баспасөз қызметінің жетекшісі Тигран Аванян мәлімдеді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Федерация таратқан ақпаратқа сәйкес, Сидаков жарақатты жартылай финалдық белдесу кезінде алған. Жарыс қорытындысы бойынша спортшы тек қола медальмен шектелді.

Жартылай финалда ресейлік балуан Албания атынан сынға түскен бұрынғы отандасы Чермен Валиевке жол берген. Ал дүйсенбі күні қола медаль үшін өткен белдесуде Сидаков АҚШ өкілі Дэвид Каррды жеңіп, үшінші орынға қол жеткізді.

Айта кетейік, 29 жастағы Заурбек Сидаков Токио Олимпиадасының чемпионы атанған.

Тэгтер:

күрес балуан Заурбек Сидаков тіс