Бокстан ерлер және әйелдер құрамасы Англияның Ливерпуль қаласында өткен World Boxing ұйымының әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетіп, отанына оралды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Астанадағы және Алматыдағы әуежайларда қазақ боксшыларын қарсы алған сәттен бейнежазбаны Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі жариялады.
Еске сала кетейік, жалпыкомандалық медальдік есепте Қазақстан құрамасы бірінші орын алды – жеті алтын, бір күміс және екі қола медаль.
Әлем чемпиондары атанған қазақ боксшылары: Санжар Тәшкенбай (50 кг), Махмұд Сабырхан (55 кг), Төрехан Сабырхан (70 кг), Айбек Оралбай (+90 кг), Алуа Балқыбекова (51 кг), Аида Әбікеева (65 кг) және Наталья Богданова (70 кг).