Әлеуметтік желідегі World Boxing Events парақшасы Ливерпульде өткен әлем чемпионатында чемпион атанған Махмұд пен Төрехан Сабырхандардың жарқын жеңістеріне үн қатты, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Ағайынды боксшылар турнирдің чемпионы атанып, өз есімдерін әлемдік бокс тарихына жазды.
"Тарихта есімдері алтын әріптермен жазылды! Қазақстан құрамасынан шыққан Махмұд пен Төрехан Сабырхандар әлем чемпионатын шайқап, жолындағы қарсыластарының бәрін күйрете жеңіп, алтын медаль иегері атанды. Махмұд 55 келіге дейінгі салмақта үстемдік етсе, Төрехан 70 келіде дараланып шықты. Екі бауыр, екі алтын, бір тегеурінді күш. Оларды тоқтата алатын біреу бар ма екен?" – делінген World Boxing Events жазбасында.
Айта кетейік, 2025 жылғы әлем чемпионаты алғаш рет World Boxing ұйымының аясында өткен "ересектер арасындағы" басты дода болып саналады.