Еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем чемпионатында алғашқы белдесуін өткізді, деп хабарлайды Sportinside.kz.
97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің іріктеу кезеңінде Ризабек Айтмұхан ресейлік балуан Магомед Курбановпен кездесті. Ол – 2021 жылғы Еуропа чемпионы және сол жылы әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Тартысты өткен жекпе-жек 5:4 есебімен ресейлік спортшының жеңісімен аяқталды.
Айта кетейік, Ризабек Айтмұхан 2023 жылғы әлем чемпионатының алтын жүлдегері әрі Азия біріншілігінде үш рет күміс медаль иеленген. Әлемдік рейтингте ол 23-орында тұр, ал қарсыласы Магомед Курбанов – 24-сатыда.