Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің анасы Светлана Айтбаева алғаш рет күйеу баласының әулеті туралы ойын бөлісті, деп хабарлайды ozgeris.info.
Әншінің анасы құдаларымен танысқаннан кейінгі әсерін жасырмай айтты.
"Құдаларымызды көріп, көңіліміз жай тапты. Өте жақсы адамдар екен, ниеті ақ, пейілі кең, орнықты, өсіп-өнген үлкен шаңырақ. Ағайын-туыспен тату, бір-бірін сыйлап, қадірлей білетін ортаны көріп қатты қуанып қалдық. Ата-анасы да бар, екі жақта да әжелері бар. Туыстарының өзара сыйластығы мен ілтипаты ерекше екен. Әрине, мұның бәрі біз үшін үлкен қуаныш", – деді Светлана Айтбаева.