Қаралы хабар: Елге танымал Олимпиада чемпионы көз жұмды (ФОТО)

15 қыркүйек, 2025 / Ахмет Қанатұлы
ашық дереккөзден

Ресей ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі аңыз спортшы Андрей Чемеркиннің 53 жасында қайтыс болғанын хабарлады. Қайғылы жағдайдың себебі нақты айтылған жоқ, деп хабарлайды Sportinside.kz.

"Бұл – бүкіл ауыр атлетика әлемі үшін орны толмас қаза. Бүгін Андрей Иванович Чемеркин өмірден өтті. Ол – аңыз адам, тұтас бір дәуірдің символы", – делінген федерацияның ресми мәлімдемесінде. 

Андрей Чемеркин Ставрополь өлкесінде туып-өскен. Ол Ресейдің ең атақты ауыр атлеттерінің бірі саналады. 1996 жылы Атлантадағы Олимпиада ойындарында аса ауыр салмақта алтын медаль жеңіп алып, 2000 жылы Сидней Олимпиадасында қола жүлдеге қол жеткізді. Өмірінде төрт дүркін әлем чемпионы, екі мәрте Еуропа чемпионы атанып, алты әлемдік рекорд орнатқан. Спорттық мансабын аяқтаған соң, ол бапкерлік қызметпен айналысып, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға белсене атсалысты.

Тэгтер:

ауыр атлетика қайғылы жағдай