Орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы Геннадий Головкиннің ағасы Максим Головкин Англияның Ливерпуль қаласында өткен бокстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының тарихи жеңісіне қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Қазақстан құрамасы бұл біріншілікте 7 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте көш бастады. Екінші орынға Өзбекстан (6-2-3), үшінші орынға Үндістан (2-1-1) орналасты.
Instagram желісіндегі парақшасында Максим Головкин қазақстандық боксшылар және GGG-мен түскен суретін жариялап, оған: "Алға Қазақстан!!!" деген жазба қалдырды.
Айта кетейік, Ливерпульде өткен бұл әлем чемпионаты – ересектер арасындағы World Boxing ұйымы аясында өткен алғашқы дода болды. Геннадий Головкин қазіргі таңда WB ұйымының Олимпиадалық комиссиясының төрағасы әрі Қазақстан ҰОК президенті қызметін атқарады.