Қуан, қазақ елі! Қазақстан әлем чемпионатының медаль кестесінде топ жарды

15 қыркүйек, 2025 / Ахмет Қанатұлы
Basnews.kz. Суретте: Махмұд Сабырхан

Ливерпульде (Англия) өтіп жатқан World Boxing ұйымының әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жеті бірдей алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Аталмыш әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 7 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль еншіледі. Ерлер арасында Санжар Тәшкенбай (50 кг), Махмұд Сабырхан (55 кг),Төрехан Сабырхан (70 кг), Айбек Оралбай (90+ кг) чемпион атанса, ал әйелдер арасында Алуа Балқыбекова (51 кг), Аида Әбікеева (65 кг) және Наталья Богданова (70 кг) алтын жүлдеге қол жеткізді. Назым Қызайбай (48 кг) күміс медальді қанжығасына байласа, Виктория Графеева (60 кг) мен Елдана Тәліпова (+80 кг) қола медальді иеленді.

Ал Өзбекстан құрамасы 6 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте екінші орынға жайғасты. Ал үздік үштікті 2 алтын, 1 күміс, 1 қола жүлде иеленген Үндістан құрамасы түйіндеді.

Жалпыкомандалық кесте:

  1. Қазақстан – 7 алтын, 1 күміс, 2 қола;
  2. Өзбекстан – 6 алтын, 2 күміс, 3 қола;
  3. Үндістан – 2 алтын, 1 күміс, 1 қола;
  4. Бразилия – 1 алтын, 3 күміс;
  5. Польша – 1 алтын, 2 күміс.

Тэгтер:

Қазақстан Өзбекстан