Өзбектер алтын медаль саны бойынша Қазақстанды озып кетті

14 қыркүйек, 2025 / Ахмет Қанатұлы
ашық дереккөзден

Бокстан Өзбекстан құрамасы Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымының әлем чемпионатында үшінші алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Елге үшінші алтын жүлдені 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Жавохир Умматалиев әкелді. Финалда өзбек боксшысы француз Йожерлен Сезарды 5:0 есебімен жеңді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Өзбекстан құрамасынан Асадхуджа Муйдинхуджаев (65 кг) пен Фазлиддин Эркинбоев (75 кг) чемпион атанған болатын. Осылайша, алтын медаль саны бойынша Өзбекстан әзірге Қазақстаннан алға шықты. Қазақстан құрамасында әзірге екі алтын бар: Санжар Тәшкенбай (50 кг) мен Махмұд Сабырхан (55 кг) жеңімпаз атанды.

Тэгтер:

Бокс Қазақстан Әлем чемпионаты Өзбекстан