Бүгін, 14 қыркүйекте Ливерпульдегі (Англия) бокстан әлем чемпионатында финалдық бәсекелер өтеді, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Финалдық кезеңде Қазақстан атынан 8 боксшы сынға түседі. Финалғда ерлер құрамасы сапынан Санжар Тәшкенбай (50 кг), Махмұд Сабырхан (55 кг), Төрехан Сабырхан (70 кг), Айбек Оралбай (90+ кг), ал әйелдер құрамасы сапынан Назым Қызайбай (48 кг), Алуа Балқыбекова (51 кг), Аида Әбікеева (65 кг), Наталья Богданова (70 кг) сынға түседі.
Сондай-ақ бокстан Өзбекстан құрамасы сапынан финалда 8 былғары қолғап шебері сынға түседі. Ал бұдан кейін Бразилия боксшылары 4 спортшысымен финалда өнер көрсетеді.
- Қазақстан – 8;
- Өзбекстан – 8;
- Бразилия – 4;
- Үндістан – 3;
- Польша – 3;
- Түркия – 2;
- Англия – 2;
- Аустралия – 2;
- Моңғолия – 1;
- АҚШ – 1;
- Тайпей – 1;
- Испания – 1;
- Ирландия – 1;
- Франция – 1;
- Жапония – 1;
- Болгария – 1.