Назым Қызайбай өзбек қызын ойсырата жеңіп, финалға шықты (ВИДЕО)

13 қыркүйек, 2025 / Ахмет Қанатұлы
Тұрар Қазанғапов, ҰОК. Суретте: Назым Қызайбай

Қазақ боксшысы Назым Қызайбай Ливерпульде (Англия) өтіп жатқан World Boxing ұйымының әлем чемпионатында жартылай финалдық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Назым Қызайбай Өзбекстан өкілі Сабина Бобокуловамен кездесіп, 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Назым Қызайбай әлем чемпионатының финалына жолдама алды және алтын медаль үшін шешуші жекпе-жекте бақ сынайды. 

Тэгтер:

Бокс Назым Қызайбай Әлем чемпионаты