Қазақ қызы гроссмейстер шахматшылардың бәрін қапы қалдырып, көш бастады

11 қыркүйек, 2025 / Ахмет Қанатұлы
Спортты дамыту дирекциясы. Суретте: Бибісара Асаубаева

Самарқандта өтіп жатқан әйелдер арасындағы халықаралық турнирдің 7-турында 21 жастағы қазақ гроссмейстер Бибісара Асаубаева румыниялық шахматшы Ирина Бульмаганы жеңді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Жетінші тур нәтижелері:

Әйелдер арасындағы бұл турнирдің жалпы жүлде қоры – 230 мың АҚШ доллары. Оның 40 мың долларын чемпион атанған шахматшы алады.

Айта кетейік, осы турдың қорытындысы бойынша ресейлік шахматшылардың ешқайсысы жеңіске жете алмады.

Тэгтер:

Бибісара Асаубаева шахмат гроссмейстер