"Асыл жарым, жүрегімнің иесі" – Айгүл Иманбаева екінші күйеуін ерекше құттықтады (ФОТО)

11 қыркүйек, 2025 / Admin
ашық дереккөзден

Танымал әнші Айгүл Иманбаева жолдасын туған күнімен ерекше құттықтады.

Өнер иесі Instagram желісіндегі ресми парақшасында күйеуін туған күнімен құттықтап, "сені кездестіргеніме алғысым шексіз" деп түйіндеді.

"Бүгін менің жүрегімнің иесі, асыл жарым Ерлан Болатұлының туған күні. Жаным, сені кездестірген тағдырыма алғысым шексіз! Маған еркелеуді, нәзік болуды, махаббаттың не екенін ұғындырғаныңа, мені сүйген жүрегіңе мың алғыс! Бақыттың бақшасында бірге өмір сүрейік", – деп жазды Айгүл Иманбаева.

Тэгтер:

Айгүл Иманбаева туған күн