Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымының әлем чемпионатында қай құраманың көш бастап келе жатқаны анықталды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
10 қыркүйекте турнирдің алғашқы жартылай финалистері анықталды. Қазақстаннан бұл кезеңге сегіз боксшы жолдама алды: әйелдер құрамасынан – бес, ерлерден – үш спортшы. Сонымен қатар тағы екі қазақстандық боксшы – Назым Қызайбай (48 кг) мен Санжар Тәшкенбай (50 кг) 12 қыркүйекте өтетін ширек финалда жұдырықтасады.
Қазақстанның басты қарсыластары саналатын Өзбекстан құрамасы әзірге тоғыз жартылай финалистке ие болды: олардың алтауы – ерлер, үшеуі – әйелдер. Бұған қоса, бұл елдің тағы үш өкілі ширек финалда бақ сынайды.