Қазақстан Афина Олимпиадасында: Бақтияр Артаевтың алтыны мен Геннадий Головкиннің күмісі

15 маусым, 2025 / Ахмет Қанатұлы
Reuters.com. Суретте: Бақтияр Артаев

2004 жылы Грекия астанасы Афинада өткен жазғы Олимпиада ойындары – Қазақстан спорты үшін есте қаларлық сәттерге толы болды. Ұлттық құрама бұл додаға 119 спортшыны қатыстырып, 17 спорт түрінде бақ сынады. Нәтижесінде, ел қоржынына 1 алтын, 4 күміс және 3 қола медаль түсті.

Бахтияр Артаев – алтыннан алқа таққан жалғыз чемпион

Қазақстанға жалғыз алтын медальді бокстан Бақтияр Артаев алып келді. Ол бірінші орта салмақта (69 келіге дейін) қарсылас шақ келтірмей, Олимпиада чемпионы атанды. Бұл жеңісі үшін Бақтияр Артаевқа халық тарапынан зор қошемет көрсетілді. Кейін ол Олимпиаданың үздік боксшысы ретінде Вэл Баркер кубогын иеленді.

Геннадий Головкин – Афинада алғаш жарқ еткен жұлдыз

Афина Олимпиадасында ерекше көзге түскен спортшының бірі – Геннадий Головкин болды. Ол 75 келі салмақта жұдырықтасып, финалға дейін жетіп, күміс медальді еншіледі. Бұл оның халықаралық аренадағы үлкен жетістіктерінің бастауы болды.

Күміс және қола жүлдегерлер

Қазақстан қоржынына түскен 4 күміс медаль иегерлері:

Қола жүлдегерлер:

Марапат және құрмет

Олимпиадада жүлде алған спортшыларға мемлекет тарапынан арнайы сыйақы берілді. Бірінші орын үшін – $100 000, екінші орынға – $50 000, ал үшінші орынға – $30 000 көлемінде ақшалай марапат тағайындалды.

Сонымен қатар, «Қазпошта» Олимпиада ойындарына арналған естелік пошта маркасын шығарды. Бұл – спортшылардың ел мерейін асқақтатқан ерліктеріне деген халықтық ризашылықтың бір белгісі болды.

Қорытынды

Афина Олимпиадасы Қазақстан үшін аса табысты болмағанымен, ел намысын қорғаған спортшылардың қажырлы еңбегі мен жеңістері ұмытылмақ емес. Бұл ойындарда жарқырап көрінген Бахтияр Артаев пен Геннадий Головкин сынды есімдер қазақ спортының тарихына алтын әріппен жазылды.

Тэгтер:

Бақтияр Артаев Олимпиада 2004