Өзбектердің 3 боксшысы сүрінді: Қазақ боксшылары басымдығын көрсетті

10 қыркүйек, 2025 / Ахмет Қанатұлы
Өзбекстан бокс федерациясының баспасөз қызметі. Суретте: Абдумалик Халоков

Өзбек боксшылары Ливерпульде (Англия) өтіп жатқан World Boxing ұйымының әлем чемпионатының жетінші күнінде ширек финалда қатарынан үш жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Барлық сәтсіздік әйелдер командасының еншісіне тиді. 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Нигина Уктамова америкалық Йоселин Переспен кездесіп, 2:3 есебімен жеңілді. 60 келіге дейінгі салмақта Ситора Турдибекова қазақстандық Виктория Графеевамен күш сынасып, 1:4 есебімен ұтылды. Ал 80 келіден жоғары салмақтағы Олтиной Сотимбоева үндістандық Нупурға қарсы тұрып, 1:4 есебімен жеңілді.

Еске сала кетсек, Ливерпульде өтіп жатқан әлем чемпионаты – World Boxing ұйымы аясында алғаш рет ересектер арасында өткізілген әлемдік біріншілік.

Тэгтер:

Бокс Әлем чемпионаты Өзбекстан