Қазақ боксшысы Махмұд Сабырхан Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымының әлем чемпионатының ширек финалында рингке шықты, деп хабарлайды Sportinside.kz.
55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Махмұд Сабырхан жапониялық Руи Ямагутимен кездесіп, төрешілердің бір ауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті. Жекпе-жектің алғашқы раундында Махмұд Сабырхан қарсыласын нокдаунға жіберсе, екінші раундта өзі де нокдаунға түсіп қалды.
Осылайша, Махмұд Сабырхан турнирдің жартылай финалына жолдама алып, кем дегенде қола жүлдені қамтамасыз етті.