"Топырағы торқа болсын": Толқын Забирова отбасындағы ауыр қазаны естіртті (ФОТО)

10 қыркүйек, 2025 / Admin
ашық дереккөзден

Танымал әнші Толқын Забирова желідегі парақшасында жан тебірентерлік жазба жариялады.

"Сүйікті менің оқырмандарым! Жақында, отбасымда болған қайғылы жағдайды білген боларсыздар… Осыған байланысты, жоспарланған концерттерімнен бас тартамын деп ойладым. Бірақ, жақындарым мен ұстазым, Бибігүл Ахметқызының әңгімесінен кейін қаншалықты қиын болса да, концертті жоспар бойынша жасауды шештік.
Анам өмірді сүйіп өтті. Бұл қасиет маған да дарыған шығар. Анамның арманы осы концертті көру болды. Сондықтан Анашымның арманын орындап, тағзым етіп, Анама арнаймын. Баланың бағы жанса – Ана бақытты. Өнер жолымдағы әр қиыншылық пен қуанышты бірге бөлісті. Әр бағындырған шыңыма баладай қуанды. Менің ақ періштем, менің қанатым, досым, серігім, жанашырым, қолдаушым, қорғаушым! Сен мәңгі менің жүрегімдесін. Бұл концерт өзіңе арналады. Менің қасымда болатыныңа, қолдайтыныңа күмәнім жоқ. Анашым – Періштем! Бақытты өмір сүріп жатқаныма сенің алдында бас иіп тағзым етіп, рақметімді айтамын.
Өз көрерменімді 17 қазан – Алматы қаласы Республика сарайында, 23 қазан – Астана қаласы Бейбітшілік пен Келісім сарайында күтемін!" –  деп жазды Толқын Забирова.

Тэгтер:

әнші Толқын Забирова қайғылы жағдай