Әйелдер күресінен еліміздің көшбасшы спортшыларының бірі Жәмила Бақбергенова әзіл аралас видео жариялады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Жәмила Бақбергенова TikTok желісіндегі ресми парақшасында жаңа видео жариялады.
"Қайрат" клубы "Реалды" ұтса, осы жылы нақты күйеуге шығамын", – деп жазды Жәмила Бақбергенова.
Айта кетейік, Жәмила Бақбергенова 2014 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған. 2021, 2022, 2024 жылдары өткен әлемдік додада күміс медальді қанжығасына байлаған. Қазіргі уақытта өз салмағындағы рейтингте 1-орында (54 200 ұпай) келеді.