"Бүгін әкем марқұм түсіме кіріпті": Сәкен Майғазиев жұртты жылатып тастады (ВИДЕО)

10 қыркүйек, 2025 / Admin
ашық дереккөзден

Танымал әнші Сәкен Майғазиев әкесі жайлы айтып, жұртты тебірентіп тастады.

"Әке, сендей биік таба алмаймын", – деп жазды Сәкен Майғазиев.

Сондай-ақ осыдан біршама уақыт бұрын өнер иесі марқұм әкесі жайлы сөз айтып, оған арнайы жазба арнаған.

"Бүгін әкем марқұм түсіме кіріпті. Сондай тәтті түс. Көзі тірісінде ер балаларды еркелетіп, еліртпегеннен болар, жақсы көретінімізді жымиып қана жеткізетінбіз. Бізге қарап қатулы қабақ көрсетпесе де қаймығатынбыз. Бізді қатты қысып құшақтамаса да әкелік махаббаты еселеп есіп тұратын. Бұл жолы (түсімде) қысылуды, қымтырылуды қоя сап, мейіріммен еміреніп иіскеп, қатты қысып құшақтап жатыр екем. Ерекше сағынғаннан ғой деймін. Бақилық болғандарға құдіреті күшті ҚҰДАЙдың қасиетті ҚҰРАНын үнемі бағыштап жүрем. Осы сапарымда да қасиетті орындарда болып, әкеме ЖӘННӘТ тілегем", – деп жазды Сәкен Майғазиев.

Тэгтер:

Сәкен Майғазиев өнер иесі