Бокстан World Boxing ұйымының әлем чемпионатында (Ливерпуль, Англия) ширек финалдық жекпе-жектер басталды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Қазіргі таңда Қазақстан құрамасынан 16 спортшы медаль үшін күресті жалғастыруда.
Ерлер арасында Санжар Тәшкенбай (50 кг), Махмұд Сабырхан (55 кг), Бейбарыс Жексен (60 кг), Ертуған Зейнуллинов (65 кг), Төрехан Сабырхан (70 кг), Нұрбек Оралбай (80 кг), Сағындық Тоғамбай (90 кг) және Айбек Оралбай (90+ кг) сынға түсіп жатыр. Ал әйелдер арасында Назым Қызайбай (48 кг), Алуа Балқыбекова (51 кг), Карина Ибрагимова (57 кг), Виктория Графеева (60 кг), Аида Әбікеева (65 кг), Наталья Богданова (70 кг), Гүлсая Ержан (80 кг) және Елдана Тәліпова (80+ кг) жарыс жолында келеді.
Айта кетейік, бастапқыда Қазақстан құрамасының тізімінде 20 боксшы болған. Олардың төртеуі жарыстан шығып қалды: ерлерден – Сабыржан Аққалықов (75 кг) пен Бекзад Нұрдәулетов (85 кг), әйелдерден – Элина Базарова (54 кг) мен Надежда Рябец (75 кг).
Қазақстан құрамасының басты бәсекелестерінің бірі – Өзбекстан командасы әзірге жарыстан шығынсыз келе жатыр. Бастапқыда олардың тізімінде 18 боксшы болған – бұл Қазақстаннан екі спортшыға аз. Қазір медаль үшін күресіп жатқан ерлер: Шодияржон Мелиқұзиев (50 кг), Миразизбек Мирзахалилов (55 кг), Абдумалик Халоков (60 кг), Асадхуджа Муйдинхуджаев (65 кг), Шавқатжон Болтаев (70 кг), Фазлиддин Эркинбоев (75 кг), Джавахир Умматалиев (80 кг), Акмалжон Исроилов (85 кг), Турабек Хабибуллаев (90 кг) және Жахонгир Зокиров (90+ кг).
Әйелдер арасында: Сабина Бобокулова (48 кг), Феруза Қазакова (51 кг), Нигина Уктамова (54 кг), Хуморабону Мамажонова (57 кг), Ситора Турдибекова (60 кг), Навбахор Хамидова (65 кг), Азиза Зокирова (70 кг) және Олтиной Сотимбоева (80+ кг).