Санжар Тәшкенбайдың әлем чемпионатындағы тағдырын төрешілер шешті

Бүгін, 00:59 / Ахмет Қанатұлы
olympic.kz. Суретте: Санжар Тәшкенбай

Қазақ боксшысы Санжар Тәшкенбай Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымының әлем чемпионатында алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

1/8 финалдағы жекпе-жекте 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Санжар Тәшкенбай Иордания өкілі Хутайфа Эшишпен қолғап түйістіріп, төрешілердің шешімімен (3:2) есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Санжар Тәшкенбай ширек финалға жолдама алды, ал Хутайфа Эшиш турнирдегі жорығын аяқтады.

Сондай-ақ Наталья Богданова Ливерпульде (Англия) өтіп жатқан World Boxing ұйымының әлем чемпионатында ел құрамасына алғашқы жүлдесіне сыйлады.

Тэгтер:

Бокс Әлем чемпионаты Санжар Тәшкенбай