Халық әртісі Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі жазбасында анасына тіл тигізген оқырманға қатты шүйлікті, деп хабарлайды ozgeris.info.
Әнші тосыннан анасының үйіне қонаққа барған сәтін бөлісіп:
"Анамның үйіне айтпай келіп қалдым. Аналарымыз аман болсын! Бауырларымызды көріп, арқа-жарқа болып, шай ішіп жатырмыз", – деп жазды.
Желі қолданушылары дастархан басында ер адамдар отырса да, бата берген Жүнісованың анасын әртүрлі талқылап, пікір қалдырды. Бірі мұны дұрыс көрмесе, енді бірі ананың батасы ерекше қабыл болатынын айтты.
Халық әртісі анасына "қатын" деген сөзді жазған оқырманға жауап беріп, ренішін ашық жеткізді:
"Не оттап отырсың?! Анасы ұл-қыздарына бата беруге болмайды дегенді бірінші естіп отырмын. Әкеміз өмірден озғалы анамыздың батасымен келе жатырмыз. 11 құрсақ көтерген анама қатын деуге хақың жоқ?! Нағыз есалаң сенсің", – деп ашуланды өнер иесі.