Қазақстандық боксшы Наталья Богданова Ливерпульде (Англия) өтіп жатқан World Boxing ұйымының әлем чемпионатында ел құрамасына алғашқы жүлдесіне сыйлады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
70 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі ширек финалдық жекпе-жекте Наталья Богданова түркиялық Сема Чалышканды 5:0 есебімен жеңді. Екінші раундта қазақстандық боксшы қарсыласын нокдаунға жіберді.
Бұл жеңіс Наталья Богдановаға турнирдің жартылай финалына жол ашып, кем дегенде қола медальді қамтамасыз етті.