"Ауыздарыңды жабыңдар": Әлем чемпионатында сүрінген боксшымыз шындықты жайып салды

9 қыркүйек, 2025 / Ахмет Қанатұлы
olympic.kz. Суретте: Сабыржан Аққалықов

Қазақ боксшысы Сабыржан Аққалықов Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатындағы жеңілісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен 1/8 финалдық кездесуде Сабыржан Аққалықов украиналық Павел Илюшаға төрешілердің шешімімен есе жіберді.

"Бұл әлем чемпионаты мен үшін аяқталды. Бір жерде дұрыс істей алмадым, бір жерде шыдас бермедім... Айтатын сөзім жоқ. Ал спортты сынап жүргендерге айтарым – ауыздарыңды жапқандарың дұрыс. Біз қанша жаттығамыз, қалай дайындаламыз, туған-туыстарымызды қанша уақыт көрмей жүрміз, жаттығуларда қанша тер мен қан төгіледі – мұның бәрін сіздер білмейсіздер. Барлығы еліміздің туы бір күні көтерілуі үшін жасалады. Сіздер тек сыртқы әдемі көріністі – тұғырды көресіздер. Жеңсең – кереметсің. Жеңілсең – бірден жамансың. Спорт деген – болжап болмайтын дүние: бүгін сен чемпионсың, ертең жай ғана қатысушы болып қалуың мүмкін", – деп жазды Сабыржан Аққалықов.

Айта кетейік, Сабыржан Аққалықов – 2021 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы. Сондай-ақ ол кәсіпқой бокста екі кездесу өткізіп, екеуінде де жеңіске жеткен (2-0, 2 КО).

Тэгтер:

Бокс Әлем чемпионаты Сабыржан Аққалықов