Қазақстандық танымал боксшы Назым Қызайбай әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, әлем чемпионаты аясында отандастарынан қолдау күтетінін жеткізді, деп хабарлайды Sportinside.kz.
"Баршаңызға сәлем! Жаттығуымыз жалғасып жатыр, жарыс басталғалы бүгін 4-күн. Ұл-қыздарымыз жұдырықтасып жатыр, әзірге жаман емес деп ойлаймын. Әлем чемпионаттарында осал қарсыластар болмайды. Әр спортшы барын салып, аянбайды. Тек қолдау көрсетіп, дұғада болыңыздар! Әйтпесе білесіздер, үйінде отырып сынайтындар онсыз да жетеді", – деп жазды Назым Қызайбай Instagram-дағы парақшасында.
Боксшының жанкүйерлері желіде оған қолдау білдіріп, жеңіс тілеп, жылы лебіздерін жеткізуде.
Айта кетейік, биылғы әлем біріншілігі Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатыр. Назым Қызайбай бүгін кешкі бағдарламада (басталуы – 22:00) шаршы алаңға шығады. Оның қарсыласы – Венгрия спортшысы Лила Зелецкий.