"Ұйықтатып тастаймын": Жәнібектің басты қарсыласы оны нокаутқа түсіретінін айтты

9 қыркүйек, 2025 / Ахмет Қанатұлы
Mikey Williams/Top Rank Inc via Getty Images. Суретте: Жәнібек Әлімханұлы

WBC тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Карлос Адамес қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлына сес көрсетті, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Әлеуметтік желіде бір қолданушы Карлосты рингте Жәнібектен қашып жүр деп айыптаса, Адамес оның себебі мүлдем басқаша екенін айтты.

"Шынайы осы жекпе-жекті өткізгісі келетін промоутерді тап, мен бүгін-ақ келісімшартқа қол қоямын. Барлығы оп-оңай. Мен келісімшартқа қол қойғаннан кейін оны терең ұйқыға жіберемін", – деді Карлос Адамес.

Еске салсақ, Сауд Арабиясының Ойын-сауық істері басқармасының төрағасы Турки Әл аш-Шейх пен Жәнібектің менеджері Эгис Климас бұған дейін Адаместі қазақ боксшысымен жекпе-жекті келісуді созып отыр деп айыптаған болатын. Сол себепті әлі күнге дейін бұл жекпе-жек жүзеге аспай келеді.

Тэгтер:

Бокс Жәнібек Әлімханұлы Карлос Адамес