Жақында күйеуімен ажырасып кеткен Сабина Алтынбекова арманын айтты

9 қыркүйек, 2025 / Admin
ашық дереккөзден

Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова әлеуметтік желідегі оқырмандарына өз арманын айтты, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Спортшы парақшасында үлкен гүл шоқтарымен түскен суреттерін жариялады. Алайда сыйлықты кімнен алғанын нақтыламады.

"Үлкен, әдемі үйім болса деймін. Өзімнің бау-бақшам болып, онда сүйікті гүлдерім – гортензия, пион және раушан егетін боламын", – деп жазды ол.

Еске сала кетейік, 28 жастағы спортшы бұған дейін Қазақстанға оралғанын хабарлаған еді.

Тэгтер:

Сабина Алтынбекова волейбол