"5 жыл бұрын..." – Танымал блогер анасының неден қайтыс болғанын ашып айтты

8 қыркүйек, 2025 / Ахмет Қанатұлы
ашық дереккөзден

7 қыркүйекте отбасылық әзіл-қалжың видеоларымен көпшілікке танылған блогер Нұргелді анасының өмірден өткенін хабарлаған болатын.

Бүгін ол марқұмның қандай дерттен көз жұмғанын көпшілікке ашық айтты.

"Ассалаумағалейкум, достар. Өткен жұмада, өкінішке қарай, анамыздан айырылып қалдық. Көп адамдар әлеуметтік желіде не болғанын сұрап жазуда. Сол сұрақтарға жауап берейін. 5 жыл бұрын анамыздан қатерлі ісік анықталған еді. Осы уақыт аралығында біз осы дертпен күресіп келдік. Барлық ем-домды алып көрдік. Шетелге де шығып келдік. Қолымыздан келгеннің бәрін істедік. Өкінішке қарай, Алланың қалауы шығар, Жаратушы анамызды арамыздан алып кетті. Сіздердің хаттарыңызды және пікірлеріңізді оқып отырмын. Сіздерге көп-көп рахмет! Анам үшін дұға еткендеріңізге рахмет! Сіздерге айтқым келетіні, ата-аналарыңыз бен жақындарыңызға абай болыңыздар. Көбірек бірге болыңыздар. Өздеріңізді күтіңіздер!", – деді блогер әлеуметтік желіде.

Тэгтер:

блогер қайғылы жағдай