Келесі сенбіде Лас-Вегастағы "Эллиджиент" стадионында Сауль "Канело" Альварес екінші орта салмақта абсолютті әлем чемпионы атағын Терренс Кроуфордқа қарсы қорғайды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Айта кетейік, Головкин мен Альварес бес жыл ішінде рингте үш мәрте кездесіп, жанкүйерлерге бокстың тарихындағы ең тартысты трилогиялардың бірін сыйлады. 2017 жылғы алғашқы жекпе-жек даулы тең нәтижемен аяқталса, бір жылдан кейінгі реваншта "Канело" төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Ал 2022 жылдың қыркүйегінде өткен үшінші әрі соңғы айқаста мексикалық боксшы тағы да басым түсіп, олардың бақталастығына нүкте қойды.
Өз қарсыласы туралы сөз еткен Головкин оның соққыларына мән бермегенін айтып, "ең ауыр соққыларының өзі нәтиже бермеді" деп мәлімдеді.
Содан бері Головкин шаршы алаңға шыққан жоқ. Дегенмен, 43 жастағы қазақстандық боксшының күтпеген жерден спортқа қайта оралуы мүмкін деген әңгімелер тарап жүр.
Айта кетсек, қазіргі таңда Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті болып отырған аңыз спортшы кәсіби бокстағы мансабын ресми түрде аяқтағанын әлі жариялаған жоқ.