20 жастағы қазақ қызы әлемдік жарыста топ жарып, чемпион атанды

8 қыркүйек, 2025 / Ахмет Қанатұлы
olympic.kz. Суретте: Аружан Сағандықова

20 жастағы қазақстандық теннисші Аружан Сағандықова Қытайда ұйымдастырылған ITF W15 сериясының турнирінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Финалда ол ресейлік Мария Калякинаны 6:4, 6:3 есебімен ұтып, шешуші матчта сенімді ойын көрсетті.

Бұл Сағандықованың ITF деңгейіндегі екінші титулы. Бұған дейін ол алғашқы жеңісін 2023 жылы Тунистегі жарыста иеленген болатын.

Тэгтер:

Теннис Аружан Сағандықова