Бұрын қуып жіберген бапкерді ұлттық құрамаға қайта шақырмақшы

8 қыркүйек, 2025 / Ахмет Қанатұлы
VIRGINIE LEFOUR/BELGA MAG/AFP via Getty Images

Ресейлік спорт шолушысы Александр Троицкий Қазақстан футбол құрамасының жаңа бас бапкеріне қатысты ақпаратты айтты, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Али Алиев Бельгиядан 0:6 есебімен ірі жеңіліске ұшырағаннан кейін (2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде) отставкаға кеткен еді. Троицкийдің айтуынша, Қазақстан құрамасын басқаруға басты кандидаттар – Владимир Вайсс пен Станимир Стойлов.

"Күтпеген жағдай емес. Бельгиядан 0:6 болған соң Алиев отставкаға кетті. Бұрын жазғанымдай, шетелдік маман келеді. Басымдық – Вайссқа. Қосымша нұсқа ретінде – Стойлов", – деді журналист.

Еске сала кетейік, бес ойында Қазақстан құрамасының қоржынында бар болғаны үш ұпай бар. Құрама турнирлік кестеде төртінші орында тұр.

Владимир Вайсс қазіргі уақытта словакиялық "Слован" командасын жаттықтырып жүр. Алайда 2013-2015 жылдары аралығында Вайсс "Қайрат" командасын баптаған еді.

Тэгтер:

футбол Қазақстан бапкер ұлттық құрама Бельгия