Шардарада туған ұлын сабаған қария оқиғасы қоғамда үлкен резонанс тудырды. Әлеуметтік желілерде қызу талқыланған жайтқа қатысты белгілі блогер Ырысбала Икрамбай да өз пікірін жеткізді, деп хабарлайды ozgeris.info.
Айта кетсек, Ырысбала – Шардара өңірінен шыққан танымал блогер.
"Шардарадан екен осы атаға көмектесіңізші деп таңертеңнен бері жазғандар өте көп екен. Менің қолымнан ештеңе келмейді, халқым. Ата өмірден өткен. Жылдар бойы мүмкіндігі шектеулі атаны ұрып жатқан иә, өз ұлы. Шардарада тойларды жүргізіп жүрген асаба...", – деді ол.
Еске сала кетейік, күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.