Ұлттық құраманың бас бапкері өз қызметінен кететінін мәлімдеді

8 қыркүйек, 2025 / Ахмет Қанатұлы
Қазақстан футбол федерациясы. Суретте: Али Алиев

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Али Алиев өз қызметінен кету туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Ұлттық құрама әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Бельгиядан сырт алаңда 0:6 есебімен ұтылды. Қазақстан құрамасы Али Алиевтің басшылығында қатарынан төртінші мәрте жеңіліс тапты.

"Қысқаша айтқым келеді. Барлық болған жағдай үшін жауапкершілікті өз мойныма аламын. Бұл – менің кінәм. Футболшылардың ешқайсысы мұндайға лайық емес. Барлығы үшін өзім жауап беремін. Өтініш жазып, отставкаға кетемін. Елімізге оралған соң бірден президент пен федерация басшылығына хабарлаймын", – деді Алиев матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында.

Қазақстан құрамасы бес ойыннан кейін үш ұпай жинап, J тобының төртінші сатысында тұр. Команда әлем чемпионатына тікелей шығу мүмкіндігінен айырылды, бірақ екінші орынды иеленіп, плей-офф кезеңіне жолдама алу ықтималдығы әлі де бар.

44 жастағы Алиев қаңтар айында ресейлік Станислав Черчесовтың қызметтен кеткенінен кейін уақытша бас бапкер болып тағайындалған еді. Ал мамырда ол ресми түрде негізгі бас бапкер қызметін қабылдады. Оның жетекшілігімен ұлттық құрама, жолдастық кездесулерді қоса есептегенде, екі рет жеңіске жетіп, алты ойында жеңіліп қалды.

Тэгтер:

футбол Али Алиев Қазақстан