Бүгін бокстан әлем чемпионатында 7 спортшымыз сынға түседі

8 қыркүйек, 2025 / Ахмет Қанатұлы
ҰОК. Суретте: Айбек Оралбай

Бүгін, 8 қыркүйекте Ливерпульде (Англия) өтіп жатқан World Boxing ұйымының тарихи әлем чемпионатында Қазақстаннан жеті боксшы шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Әйелдер арасында Аида Әбікеева (65 кг) мен Гүлсая Ержан (80 кг), ал ерлер арасында – Бейбарыс Жексен (60 кг), Төрехан Сабырхан (70 кг), Сабыржан Аққалықов (75 кг), Сағындық Тоғамбай (90 кг) және Айбек Оралбай (90+ кг) өз бақтарын сынайды. Олардың жекпе-жектері "Qazsport" телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Күндізгі сессия (сағат 16:00, Қазақстан уақыты):

Кешкі сессия (сағат 22:00):

Тэгтер:

Бокс Әлем чемпионаты Айбек Оралбай