"Өнер қырандары" театрының актрисасы Дана Тұрарбек желідегі парақшасында ерекше жазба жариялады.
Дана Тұрарбек EFW сән көрсетілімінде өзінің авторлық бренді Danalyq Collection жаңа туындыларымен өнер көрсетпек.
"Бұйырса @efw.kz сән көрсетілімінде @danalyq_collection су жаңа авторлық жұмысымен шығады. Егер сіз дизайнер болсаңыз қатыссаңыз болады. Алматыға орын қалмады-ау,Астанада болатын сән көрсетіліміне әлі іріктеу жүріп жатыр", – деп жазды Дана Тұрарбек.
Желі қолданушылары актрисаны құттықтап, жылы лебіздерін жаудырды.
"Ма ша Алла, керемет жаңалық", "Сәттілік Дана ханым, әлемдік брендтердің қатарынан көрініңіз", "Алла ісіңізді жеңілдетсін, өте мықты келіншексіз", "Қазақстанның атын шығаратын бастамалардан болсын", – деп жазды желі қолданушылары.