Нұрбек пен Махмұд шығады: Бүгін 5 боксшымыз ел намысын қорғайды

7 қыркүйек, 2025 / Ахмет Қанатұлы
Ben McShane/Sportsfile via Getty Images. Суретте: Нұрбек Оралбай

Бүгін, 7 қыркүйекте бес боксшымыз Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымының әлем чемпионатында ел намысын қорғайды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Ерлер арасында шаршы алаңға Махмұд Сабырхан (55 кг), Ертуған Зейнуллинов (65 кг), Нұрбек Оралбай (80 кг) шығады. Ал әйелдер арасында Карина Ибрагимова (57 кг) мен Наталья Богданова (70 кг) өнер көрсетеді.

Олардың жекпе-жегін "Qazsport" арнасынан тікелей эфирде көруге болады.

Күндізгі сессия (15:00, Астана уақыты бойынша)

Кешкі сессия (22:00)

Айта кетейік, Ливерпульдегі бұл турнир – World Boxing ұйымы аясында өтіп жатқан алғашқы ересектер арасындағы әлем чемпионаты.

Тэгтер:

Бокс Әлем чемпионаты Нұрбек Оралбай Ертуған Зейнуллинов Карина Ибрагимова