Алматыда өтетін "Қайрат" – "Реал" ойынына тегін билет кімдерге беріледі?

Бүгін, 18:42 / Ахмет Қанатұлы
"Қайрат" ФК баспасөз қызметі

Алматыда өтетін "Қайрат" пен "Реал" арасындағы көпшілік күткен матчқа кейбір азаматтарға арнайы шақыру билеттері табысталатыны белгілі болды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Вице-министрдің айтуынша, бірінші кезекте билеттер қонақтарға, соның ішінде УЕФА өкілдеріне, халықаралық бақылаушыларға және құрметті меймандарға ұсынылады. Ол сондай-ақ шақыру билеттерін тікелей "Қайрат" футбол клубының өзі тарататынын атап өтті. Дегенмен, олардың нақты саны әзірге белгісіз.

Сонымен қатар, бұл кездесуге шамамен 60-қа жуық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері аккредиттелмек. Журналистердің нақты тізімі мен мәліметтері «Қайрат» клубының алдағы ресми баспасөз жиынында жария етіледі.

Тэгтер:

футбол Қайрат Реал билет