Бүгін, 5 қыркүйекте Англияның Ливерпуль қаласында бокстан әлем чемпионатының екінші жарыс күні өтті, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Алғаш болып ринг B шаршы алаңына 57 келі салмақтағы Карина Ибрагимова сынға түсті. Ол 1/8 финалға жолдама үшін Грекия спортшысы Панайота Кузилумен жұдырықтасып, айқын басымдықпен (5:0) жеңіске жетті.
A шаршы алаңында жетінші жұп болып ел намысын Аида Әбікеева қорғады. Ол 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде венгриялық Луция Хамориге қарсы шықты. Алғашқы раундта Аида қарсыласына есе жібергенімен, кейін өзіне келіп, басымдықты қайтарып алды. Нәтижесінде 5:0 есебімен жеңіп, келесі айналымға өтті.
Еске сала кетсек, World Boxing ұйымының әлем чемпионаты 4 қыркүйекте басталды. Дода 14 қыркүйекке дейін жалғасады. Жарысқа 60-тан астам елдің спортшылары қатысуда. Олардың қатарында Өзбекстан, Куба, Үндістан, Англия сияқты әуесқой бокстың алдыңғы қатарлы державалары бар.