"Ұзақ уақыт күрестім, амалсыз бардым": Танымал әншіге күрделі ота жасалды

"Ұзақ уақыт күрестім, амалсыз бардым": Танымал әншіге күрделі ота жасалды

фото: instagram.com/zarina_omarova_official

Танымал әнші Марат Омаровтың қызы Зарина Омарова артық салмақтан құтыла алмай, ақыры хирургиялық жолға жүгінуге мәжбүр болғанын айтты.

Оның айтуынша, бұл шешімді қабылдау оңай болмаған:

"Мен бұл қадамға амалсыз бардым. Осыған дейін ешкімге ештеңе айта алмағам. Артық салмақпен ұзақ уақыт күрестім. Болмады. Сахнаның адамы болғандықтан, осылай жасауға мәжбүр болдым", – деп бөлісті Зарина Омарова.

Ал әкесі Марат Омаров болса, қызына әрдайым қолдау білдіретінін атап өтті:

"Қызым әрқашанда жолың ашық болсын! Қорқыныштың артында, қуаныштың да күні алыс емес! Бақытты бол жаным!", – деп жазды ол.