"Қашып жүрсің": Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионын қорқытып, сес көрсетті

Бүгін, 13:15 / Ахмет Қанатұлы
instagram/janibek_alimkhanuly. Суретте: Жәнібек Әлімханұлы

Қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы доминикандық Карлос Адамеске қарсы ұсыныс тастап, сес көрсетті, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Бұған дейінгі ұсыныстарына жауап бермеген қарсыласын ол тағы да назарға алды.

Жәнібек Әлімханұлы Instagram парақшасында:

"Сіздердің бәріңіз білесіздер, мен оны нокаутқа түсіремін. Мұны ол да жақсы біледі. Сол себепті менен қашып жүр", – деп жазды.

Айта кетейік, WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы Карлос Адамес тек Жәнібектің шақыруын емес, ресми міндетті қарсылас Мейірім Нұрсұлтановты да елемей келеді. Оның орнына ол Ресейдің екі дүркін әлем чемпионымен кездесуге дайын екенін мәлімдеген.

Тэгтер:

чемпион Бокс Жәнібек Әлімханұлы Карлос Адамес