Бүгін екі боксшымыз Ливерпульдегі әлем чемпионатында жұдырықтасады

Бүгін, 11:20 / Ахмет Қанатұлы
Қазақстан бокс федерациясы. Суретте: Аида Әбікеева

Бокстан ересектер арасындағы әлем чемпионаты Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатыр, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Бүгін, 5 қыркүйекте, Қазақстан атынан екі спортшы қыз – Карина Ибрагимова мен Аида Әбікеева шаршы алаңға шығады.

Карина Ибрагимова өзінің алғашқы кездесуін B шаршы алаңында өткізеді. Ол 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде грекиялық спортшы Панайота Кузилумен күш сынасады. Бұл жекпе-жек 1/16 финал сатысында өтеді.

Ал Аида Әбікеева А шаршы алаңында жетінші жұп болып шығады. Оның қарсыласы – Венгрия өкілі Луца Хамори. 

Екі жекпе-жек те Астана уақыты бойынша сағат 15:00-де басталатын күндізгі сессияда өтеді. Барлық кездесу тікелей эфирде "Qazsport" арнасынан көрсетіледі.

Айта кетейік, бұл турнир – World Boxing ұйымының тарихтағы алғашқы ересектер арасындағы әлем чемпионаты.

Тэгтер:

Қазақстан Әлем чемпионаты Аида Әбікеева Карина Ибрагимова